Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады

Фото: ҰОК

 – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Los Angeles Times басылымына берген сұхбатында шаршы алаңға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен зейнеткер емеспін. Отбасыммен бақытты сәттерді өткеріп жатырмын. Менің жаңа қызметім бар, алайда спортпен шұғылдануды тоқтатқан емеспін, себебі одан ләззат аламын, ал спорттағы мансабымның аяқталғаны туралы ешқашан жариялаған емеспін. Мен үшін өмір – уақыт мәселесі: ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуым бек мүмкін», — деді Головкин.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді – бұл оның мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (61-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі болды, онда қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліске ұшырады. Содан бері Головкин рингке шыққан жоқ. Кейін ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы болып сайланды.

Ұқсас жаңалықтар

В ВКО после модернизации введены в эксплуатацию первые в регионе железнодорожные вокзалы

admin_altyalash

В Казахстане определят 100 популярных книг отечественных авторов

admin_altyalash

Ірі қара мал етінің алғашқы партиясы Тәжікстанға экспортталды

admin_altyalash