Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарӨнер

Халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды

Фото: qazaqconcert.kz

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова Германияда өткен TANZOLYMP атты халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды, деп хабарлады qazaqconcert.kz.

Аққанат Смағұлова сахнада Анвара Садықова ұсынған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты билерді билеп шықты. Байқауға 800-ден астам өнерпаз қатысып, бақ сынады. 34 адам іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Аққанат Смағұлова Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша жалғыз өзі өнер көрсетуге мүмкіндік алды, – делінген хабарламада.

TANZOLYMP фестиваль-байқауы – жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық сайыстың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.

Ұқсас жаңалықтар

LRT жобасы: тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды

admin_altyalash

Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді

admin_altyalash

Әрбір ұшудың артында азаматтарымыздың өмірін сақтап қалу тұр

admin_altyalash