Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтарды тазарту, ұлттық парктің экожүйесін сақтау

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, қала Экология және қоршаған орта басқармасы және «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бірлесіп Аюсай шатқалында сенбілік ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтарды тазарту, ұлттық парктің экожүйесін сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Акцияға қатысушылар шатқал аумағын тұрмыстық қалдықтан тазартып, жапырақтылар, қылқанжапырақтылар мен жеміс ағаштарының 100 көшетін отырғызды. Бұл Алматының жасыл белдеуін кеңейтуге және табиғи ортаға оң әсер етуге мүмкіндік береді.

«ECO Network» экологиялық қозғалысы қала әкімдігінің «Эко-Хаб» жобалық кеңсесімен бірлесіп интерактивті экоаймақ ұйымдастырды. Қонақтарға пластикті қайта өңдейтін велосипед-шредердің жұмысы көрсетілді, қайта өңделген шикізаттан жасалған бұйымдар ұсынылды, сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинауға арналған экобокстар орнатылды. Сенбілік барысында 1000-нан астам пластик бөтелке мен алюминий құтылары жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.

Игі іске 500-ден астам адам қатысты: мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық парк қызметкерлері, Полиция департаменті, жоғары оқу орындары, экологиялық және қоғамдық ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, сондай-ақ қала тұрғындары бар.

Ұқсас жаңалықтар

Алаңда қолданылған қару, жатақханадағы жаралылар – Желтоқсан куәгерінің естелігі

admin_altyalash

Қазақстан мен Қытай бизнесі 5,2 млрд доллар сомасындағы құжаттарға қол қояды

admin_altyalash

Сәтбаевта жедел жәрдем қызметкерлерін соққыға жыққан жігіт аз айыппұлмен құтылды

admin_altyalash