Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Маңғыстауда татулығы жарасқан тоғыз келін дауыс берді

«Абысын — ажын» байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы Бекмағұловтар әулетінің тоғыз келіні бүгін референдумға келіп, таңдау жасады.

Ел болашағы үшін маңызды шешім қабылданар күнді мерекеге балап, өз қолдарымен тіккен әдемі көйлек кәжекейімен келіп, сайлау учаскесінің ішін нұрландырып жіберді.

Халыққа жақсы көңіл күй сыйлаған келіндердің үлкені Жаңылхан Еменова «Бәріміз бір ауыздан бірге келуді шештік. «Абысын тату болса ас көп» деген деген дана халқымыздың қағидасын ұстана отырып, келіндеріме бірге баруға ұсыныс тастадым, олар мені қолдады. Әрқайсымыз бейбіт те берекелі еліміздің келешегі үшін, ұрпағымыздың ертеңгі бақуатты өмірі үшін жауапкершілік танытып, дауыс берейік,-дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет басшысы табиғи резерват аумағындағы орман тәлімбағы кешені мен ағаш тұқымы стансасын аралап көрді

admin_altyalash

Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске қосылды

admin_altyalash

80 мың тонна мақта талшығын өндіретін зауыт іске қосылды

admin_altyalash