Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Ол муайтай спортымен 8 жасынан бері тұрақты айналысып келеді

Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенті Ришат Мансуров Түркияның Кемер қаласында өткен муайтайдан XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетіп, І орынды жеңіп алды.

Ришат Мансуров кәсіптік колледждің 2 курс студенті, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алуда. Ол муайтай спортымен 8 жасынан бері тұрақты түрде айналысып келеді.

Бұл жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Аталған додада Қазақстан құрамасы да үздік нәтижелер көрсетіп, жалпы есепте 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек

admin_altyalash

Ертең 1-сыныпқа 382 мыңға жуық бала барады

admin_altyalash

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 31 МЫҢ ГА ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

admin_altyalash