Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Фото: ar.egemen.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі С.Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлаймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды», — делінген аталған қызметтің басшысы Ризабек Ожаровтың Kazinform агенттігіне берген ресми жауабында.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған. Ол қазір Қазақстан аумағынан шықпаған.

«Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», — деп аталып өткен хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр 19 қыркүйекте Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Осы келісім екі ел азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды қарастырады

altyalash_kz

Қорғаныс министрлігі «Тіл – татулық тірегі» байқауын қорытындылады

altyalash_kz

«Уран қоры 40 жылға ғана жетеді деген пікірмен келіспеймін»

altyalash_kz