Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Шекара қызметінің бұрынғы басшысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды

оллаж: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы гарнизонының әскери соты хабарлады.

Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін ескеріп, сот Ділмановтың мүлкін тәркілеп, қылмыстық кодекстің 450-бабы 2-бөлігі (билікті теріс пайдалану) бойынша 4 жылға бостандығынан айыру жазасын тағайындады, — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Қазақстан президентіне Дархан Ділмановты «генерал-лейтенант» әскери атағынан, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «ҚР ҰҚК арадегері» құрметті атағынан айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Айта кетейік, 2022 жылдың 5 сәуірінде мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ділманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

AI в регионах: в Костанае прошёл крупнейший региональный форум, посвящённый развитию ИИ и цифровой трансформации

altyalash_kz

Баласын өлтіріп, көміп тастаған азамат сотта соңғы сөзін айтты

altyalash_kz

Архаикасыз, инновациялық форматта – Аида Балаева Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамыту туралы

altyalash_kz