Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

Фото: Halyq Uni

Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге 82 млн теңге қайтарудан негізсіз бас тартқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау көлік прокуратурасының мәліметінше, мемлекеттік органның кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісі анықталған.

Кәсіпкер бірнеше ай бойы фискалды органнан 2 жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған, қанағаттандырудан бас тартылған жауаптарды алған. Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындап, тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескеріп, бұрын төленген соманы қайтарған, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде, кәсіпкердің шотына 82 млн теңге түскен. Ал кінәлі лауазымды тұлға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

altyalash_kz

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

altyalash_kz

Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы

altyalash_kz