Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Сіздің атыңыздан несие алайын деп жатыр»: Қызылордалық полицейлер алаяқты қолға түсірді

Фото: Kazinform

Қызылордалық полицейлер жергілікті тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 млн теңгені жымқырған Алматы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.

Айтуынша, оның телефон нөміріне белгісіз біреу хабарласқан.

«Ұлттық Банк қызметкерлеріміз, белгісіз біреулер атыңыздан несие алайын деп жатыр» деп сеніміне кіріп, 5 млн теңге ақшасын аудартып алған.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ұқсас жаңалықтар

РИЗАБЕК АЙТМҰХАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

altyalash_kz

Бұл жетістік — жас жеткіншектердің тынымсыз еңбегінің, жетекшінің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналар мен білім ордасының жан-жақты қолдауының нәтижесі

altyalash_kz

Семейде тұңғыш рет қала әкімін халық дауыс беріп, сайлады

altyalash_kz