Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Тоқаев тұғырдан шаңғымен секіруден чемпион атанған спортшыны құттықтады

Фото: Сәли Сабыров
Илья Мизерных жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада жеңіске жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Илья Мизерныхты құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады, – деп жазды Берік Уәли.

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды.

Ұқсас жаңалықтар

«Көк ту желбірей берсін». Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы кездесті

admin_altyalash

Ақмола астығы Эстония арқылы Еуропаға жол салуда

admin_altyalash

Зарина Дияс тенниске қайта оралатынын мәлімдеді

admin_altyalash