Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды және Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді.

Өз сөзінде Президент Қазақстан БҰҰ Жарғысы негізінде соғыс қимылдарын дереу тоқтатуды және бейбіт келіссөздерді жақтайтынын атап өтті.

– Бүгін құрметті канцлер мырзаға жағдайдың шын мәнінде өте күрделі екенін айттым, Ресей жағы да, Украина тарапы да келіссөздерге дайын екенін жеткізді. Бірақ келіссөз алаңы әлі анықталмады. Осы жөнінде де келіссөздер енгізуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мұратжан Шынтаев

Ұқсас жаңалықтар

Казахстан и Узбекистан завершили демаркацию границы

admin_altyalash

Шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық деңгейге жетті

admin_altyalash

Итоги полугодия: развитие науки и высшего образования, исследования и международное сотрудничество

admin_altyalash