Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Жүгеріні терең өңдеу жобасы жүзеге асырылуда

Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылды. Қазір өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылатын болады.

Жалпы инвестициялар көлемі 35 млрд теңгені құрайды.
Кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықта да, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдерінде де сұранысқа ие болады.

Жобаны іске асыру Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді.

Ұқсас жаңалықтар

Екінші қызын бортқа мінгізбей, қалдырып кеткен.

admin_altyalash

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ФЕРМЕРГЕ ЖҮКТЕЙТІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ

admin_altyalash

Дархан Сатыбалды қаланың бес полиорталықтарының қалыптасу жобаларымен танысты

admin_altyalash