Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовостиОбществоПолитикаЭкономика

8 айда тұтынушыларға 259 млн теңге қайтарылған

Елімізде 8 айдың ішінде тұтынушыларға 259 млн теңге қайтарылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков мәлімдеді.

Асқар Тынысбеков – Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

«Былтыр 8 айда 100 млн теңге қайтарылған. Биыл бұл көрсеткіш 259 млн теңгеге жетті. Оның ішінде Bek Air ісі бойынша 1800 тұтынушының мүддесі қорғалып, оларға 110 млн теңге қайтарылды»

Оның ақпарынша, «жедел желіге» келіп түскен шағымның 47% тұрғын үй шаруашылығы мәселелеріне қатысты. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауына байланысты шағымдар 5% құраған.

Асқар Тынысбеков – Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

«Сұралғандардың 46% Медициналық қызметтер саласына көңілі толмайды. Көлік саласындағы қызметтерге 43% халық қанағаттанбайды. Байланыс қызметіне респонденттердің 36% көңілі толмаған»

Асқар Тынысбеков «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы аясында әлеуметтік желілерде тауар айналымын заңнамалық тұрғыда реттеу жоспарланып отырғанын айтты.

«Тұтынушылар Интернет арқылы тауарларды төлеу кезінде алдау мен алаяқтыққа жиі ұшырайды. Бұл әлеуметтік желілердегі тауар айналымын заңнамалық реттеуді талап етеді. Заң жобасында бөлек бөлім қарастырылады. Сонымен қатар бұл мәселеде тұтынушыларды толық қорғауды қарастыратын жеке нормалар енгізіледі », — деді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Три тысячи женщин в регионах получили помощь в пансионатах для беременных

admin_altyalash

Доверие, безопасность и правила: на «Кайнар АКБ» обсудили проект Новой Конституции и референдум

admin_altyalash

Конституционная реформа -основа долгосрочного развития страны

admin_altyalash