Altyalash.kz — ақпараттық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын жаңалықтық ресурс.
Портал тәртібі
Осы Тәртіп «Altyalash.kz» ақпараттық-сараптамалық порталына орналастырылған ақпараттар мен материалдарды қолдану мен комментарийлерді модерациялаудың шартын анықтайды.
Ақпараттар мен материалдарды қолдану туралы
«Altyalash.kz» ақпараттық-сараптамалық порталына орналастырылған өзге сілтемелердегі мәтіндік және графикалық, фото және бейнелік ақпараттар мен материалдардың құқық иесі бірінші дерек көзі-сайттары болып табылады. Аталған материалдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша сол түпкі ақпарат көзіне хабарласқан жөн.
Өз кезегінде, «Altyalash.kz» ақпараттық-сараптамалық порталының өз материалдары өзге ақпараттық сайттарда ресурс бренді көрсетіліп, тиісті гиперсілтеме материалдың бас тақырыбында немесе бас абзацында көрсетілген жағдайда қайта басылуына болады.
Комментарийлерді модерациялау туралы
«Altyalash.kz» ақпараттық-сараптамалық порталы әкімшілігі Қазақстан Республикасы заңнамасына керіағар келетін комментарийлерді жою құқығына ие. Атап айтқанда, нормативтік лексикаға сәйкес келмейтін бәйәдеп сөздер, әлеуметтік, этникалық және діни алауыздықты қоздыру, зорлық-зомбылыққа, экстремизм мен терроризмге шақыру, конституциялық негіздерді шайқауға үндеу, сондай-ақ, нақты бір тұлғаның немесе қандай да бір әлеуметтік топтардың ар-намысына тиетін сөздер өшіріледі.
Сондай-ақ, портал әкімшілігі жалпыға ортақ әдеп пен этика талаптарына жауап бермейтін жазбалар мен жарнамалық мақсаттар үшін жазылған яки қолданушыларды сындарсыз сұхбатқа мәжбүрлейтін, сонымен қатар, авторлардың немесе материалда атап көрсетілген азаматтардың жеке басына байланысты, оның ішінде, өзге дерек көздеріне гипперсілтемесі бар жазбалардың жойып отыратынын хабарлайды.
Осы талаптар тиісті деңгейде орындалмай, сайт қағидаларына немқұрайдылық фактісі ұдайы қайталанған жағдайда ол қолданушылардың аккаунттары бұғатталып, бұған дейінгі қалдырған бүкіл комментарийлері жойылады.
«Altyalash.kz» ақпараттық-сараптамалық порталы әкімшілігі осы Тәртіпті аталған сайтта жаңа редакцияда кез келген сәтте өзгертіп, толықтыру құқығына ие.