Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

11.10.2021
0
Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді. 2 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстаған.

Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен салмағы 60 келі 440 грамм болатын “каннабис өсімдігі” есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай–ақ жедел–іздестіру іс–шараларын жүргізу кезінде есірткі затын сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қабы тәркіленді. Күдікті бұл қаптарды жаз мезгілінде елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындап, жасырған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстың бұл түрімен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.  

Қазіргі уақытта қылмыстық әрекетті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қайта саралау қарастырылуда. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ жылдың басынан бері Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 3 тонна 293 келіден астам, оның ішінде 800 грамм героин, 103 келі гашиш, 3 тоннадан астам марихуана сияқты түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, Жамбыл облысында шамамен 550 га аумақта жер жырту, шабу және өртеу жолдармен 40 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарағандыда беліне арқан байлап секірмек болған әйел мерт болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Онлайн Халық санағы 15 қазанда аяқталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.