Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді. 2 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстаған.

Жамбыл облыстық ПД мәліметінше, сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен салмағы 60 келі 440 грамм болатын “каннабис өсімдігі” есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондайақ жеделіздестіру ісшараларын жүргізу кезінде есірткі затын сатушыдан жалпы салмағы 103 келі 240 грамм “кептірілген марихуана” есірткі затының 10 қабы тәркіленді. Күдікті бұл қаптарды жаз мезгілінде елдің солтүстік аймақтарына жеткізу үшін дайындап, жасырған. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстың бұл түрімен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.  

Қазіргі уақытта қылмыстық әрекетті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен қайта саралау қарастырылуда. Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ жылдың басынан бері Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 3 тонна 293 келіден астам, оның ішінде 800 грамм героин, 103 келі гашиш, 3 тоннадан астам марихуана сияқты түрлі есірткі заттары тәркіленді. Сонымен қатар, Жамбыл облысында шамамен 550 га аумақта жер жырту, шабу және өртеу жолдармен 40 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған «Бүркітші» атты жаңа мурал пайда болды

admin_altyalash

ҚМГ Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасына 60 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

admin_altyalash

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды

admin_altyalash