Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Өрт сөндіру машинасы посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ бірегей жоба болып табылады

2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, жаңа техниканың прототипі жасалып, кейін ол Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Абай облысында сынақтан өткізілді.

Сынақ барысында өрттерді сөндіру кезінде туындаған барлық ұсыныстар мен ескертулер жиналып, сондай-ақ мұндай техникаға қойылатын техникалық талаптар ескерілді. Нәтижесінде негізгі талаптардың барлығына сай келетін өрт сөндіру машинасы жасалды.

Машинаның жол талғамайтын мүмкіндігі жоғары, су цистернасының көлемі шамамен 3000 литрді құрайды, қозғалтқыш қуаты шамамен 300 ат күшіне тең және қуатты сорғымен жабдықталған. Бұл сорғы өртті бір орында тұрып та, қозғалыс кезінде де сөндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сорғыны жүргізуші кабинасынан да, өрт сөндіру бөлігінен де іске қосуға болады.

Артқы көрініс камерасы бар, сондай-ақ машинаның периметрі бойынша тосқауыл жасап доңғалақтарды, кабинаны және қозғалтқыш бөлігін қорғайтын өздігінен өрт сөндіру жүйесі орнатылған.

Бұл техника посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ бірегей жоба болып табылады және орман өрттерін сөндірудегі заманауи шешім ретінде бағаланады.

Ұқсас жаңалықтар

«Мөлдір бұлақ» атты кең көлемді экологиялық бастама қолға алынды

admin_altyalash

КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

admin_altyalash

Жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда

admin_altyalash