Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Мөлдір бұлақ» атты кең көлемді экологиялық бастама қолға алынды

Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында еліміздегі жағалаулардан 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың мамандары «Мөлдір бұлақ» атты кең көлемді экологиялық бастаманы қолға алды. Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүзеге асып отыр. Оның мақсаты – бұлақтар, өзендер мен су қоймаларының жағасын тазалап, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындар арасында су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Еліміз бойынша жағалау аумақтарын тазалау жұмыстарына 4000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында министрліктің қызметкерлері, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының барлық филиалы мен өндірістік учаскесі, 8 бассейн инспекциясының мамандары қатысты. Сонымен бірге 3 гидрогеология-мелиорация қызметінің өкілдері және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары да сенбілікке қатысты.

Астана қаласында акцияға министрліктің орталық аппараты, Су шаруашылығы комитеті, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы және «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің 310 қызметкері қатысты.

Ауқымды сенбіліктің қорытындысы бойынша еліміздегі жағалау аумақтарынан 300 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

🗣«Таза Қазақстан» акциясы аясында министрлік ұйымдастырған республикалық сенбілік еліміздің су нысандарын ластанудан қорғауға ғана бағытталмаған. Сонымен қатар бұл шара қоғамда табиғи су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға арналған. Мұндай ауқымдағы жағалауды тазалау жұмысы елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта мұндай сенбіліктерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ел мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізген болатын. Оған шамамен 2 млн оқушы қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

admin_altyalash

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 9 мыңнан аса адам грант алды

admin_altyalash

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

admin_altyalash