Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Алматыда интернет-дүкен арқылы есірткі тарату арнасы тоқтатылды

gov.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын заңсыз тарату арнасын әшкерелеп, оның қызметін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында туыстық байланысы бар үш азамат ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар алдын ала ұйымдасқан түрде әрекет етіп, есірткі заттарын тарату схемасында әрқайсысы өз міндетін атқарған.

Жеке тінту және тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеріс кезінде синтетикалық және өсімдік тектес есірткіге ұқсас заттар салынған орамалар, сондай-ақ таратуға дайындауға арналған электронды таразылар, қаптама материалдары және өзге де құралдар тәркіленді.

Сонымен қатар қала аумағында есірткі заттарын тарату мақсатында жасырылған бірнеше жасырын орындары анықталды.

Тәркіленген заттардың жалпы көлемі ірі партияға жатады. Барлық заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаровтың айтуынша:

– Өткізілген операция барысында есірткі заттарын заңсыз таратуға қатысы бар топтың қызметі тоқтатылды. Олардың алдын ала келісіп, әрқайсысы өз рөлін атқарып, жүйелі түрде қаптау және тарату жұмыстарымен айналысқаны анықталды. Заңсыз айналымнан ірі көлемдегі есірткі және оны дайындауға арналған құралдар тәркіленді. Мұндай қылмыстар қоғамға, әсіресе жастарға үлкен қауіп төндіреді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Заң алдындағы жауапкершіліктен ешкім қашып құтыла алмайды, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Үстінде шапан, қолында домбыра: Өскемендік волонтер өзге ұлттарға қазақ тілін тегін үйретіп жүр

admin_altyalash

Астанадағы гипермаркетте түнеген вайнерлер ұсталды

admin_altyalash

Қызылордада 17 ақбөкенді атқан браконьер ұсталды

admin_altyalash