Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында өткен спартакияда жүлделі орын иеленген мүмкіндігі шектеулі азаматтарды арнайы құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Қазақстан Республикасының VI спартакиадасында пара үстел теннисі спорт түрінен 5 класта командалық дисциплинасы бойынша жұптық сында ойын көрсеткен Асылбек Смайлов пен Қызылорданың тумасы Айдар Садретов 3 орын иеленді.
Кездесу барысында, «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы А.Смайлов аудан басшысының құттықтауына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта ауданымыздың абыройын одан әрі асқақтатып, ел игілігі жолында сүбелі еңбек ететінін айтты.Кездесу соңында, аудан басшысы Н.Мақұлбеков мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысына сәттілік тіледі.