Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Коронавирус: Алексей Цой 3 айға болжам жасады

Ашық дереккөзден алынды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жариялады, — деп хабарлайды Altyalash.kz сайты ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты. Атап айтқанда, пессимистік сценарий кезінде қарашада орташа тәуліктік тіркелетін жағдай саны 1 800-ге дейін, ал желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді. Нақты сценарийге сәйкес, қарашада 1 650, желтоқсанда 1 600 жағдай тіркелуі ықтимал», — деді министр.

Оның айтуынша, оптимистік сценарий кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы қараша айында тәулігіне 1 500, ал желтоқсанда 1 100 болуы мүмкін.

«Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуін жалғастырып жатыр», — деді Алексей Цой.

Ұқсас жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ РЕАЛИЗУЕТСЯ ПРОЕКТ «ОБРАЗЦОВЫЙ АУЛ»

admin_altyalash

3 августа в Казахстане отметят День работников транспорта

admin_altyalash

Новый этап цифровизации: искусственный интеллект в приоритете школьного образования Казахстана

admin_altyalash