Қазақстандық режиссер Катерина Суворованың «Ертең теңіз» (Sea tomorrow) атты тәуелсіз толық метражды деректі фильмі Netflix әлемдегі ең ірі стриминг платформасында көрсетіледі. Туынды құрғап қалған Арал теңізі туралы баяндайды, – деп хабарлайды Altyalash.kz сайты ulysmedia.kz сілтеме жасап.
«Қазір кинотуынды Еуропаның барлық ел тұрғындары үшін қолжетімді. Ал АҚШ оны Amazon платформасында көрсетеді. ТМД елдері тұрғындарына көрсету мүмкіндігі туралы келіссөздер жүріп жатыр», – дейді The Village.
«Арал теңізінің жойылуы– әлем тарихындағы ең ірі антропогендік апаттардың бірі. Кезінде теңіз толқындары болған жер қазір кемелердің тот басқан қаңқалары жатқан тұзды шөл далаға айналған. Арал жайлы, заман ақырынан кейінгі әлем жайында ойлағанда осындай бейнелер ойыңа келеді», – деп жазылған Amazon сипаттамасында.
Фильмнің әлемдік таныстырылымы 2016 жылғы тамызда Locarno International Film Festival кинофестивалінде өткен.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.