Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Коронавирус: Елде қанша адам вакцина салдырды

Елде коронавирусқа қарсы вакцинасын салдыруға қатысты 27 қазандағы мәлімет жарияланды, – деп хабарлайды Altyalash.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

27 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 8 212 313 адам вакцина салдырды, II компонентті 7 393 113 адам алған.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 963 899 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 870 789 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 860 074 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 757 733 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Ұқсас жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу өз қызметінде қалды

admin_altyalash

Атырауда жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмды

admin_altyalash

Журналистердің бейбіт жиындарда жұмыс істеу тәртібі жарияланды

admin_altyalash