Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовостиОбщество

15 млн теңгенің «Гүлді алаңы»: Ақтауда мердігер мекеме түсініктеме берді

Фото mangystaumedia.kz сайтынан алынды

Ақтауда жарықтандыру инсталляциясын орнатып жатқан «Clover media group» мекемесі тұрғындардың сынына қалған қызғалдақтарға қатысты сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

Мердігер мекеменің техникалық директоры Олжас Нұрлановтың айтуынша, жарықтандыру инсталляциясы мен әсемдік кіші архитектуралық нысандардың жұмысы толық аяқталмаған. Егер қызғалдақтардың сапасы қала әкімдігінің көңілінен шықпаса, мемлекеттен ешқандай қаржы алмайды. Жасаған көгал мен қызғалдақтарды қайта жинап, алып кетеді.

«Әр түн сайын тұрғындар тарапынан әлі бекітілмеген гүлдерді жұлып кету немесе әткеншекті үзу жағдайларына тап болудамыз. Бұл біздің жұмысымызға кері әсерін беруде», — дейді компания өкілі.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл қыркүйек айында «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ мен «Clover media group» ЖШС келісімшарт жасасқан болатын.

Келісімшарт негізінде мердігер «Clover media group» ЖШС-і «Жұлдызды аспан» және «Гүлдер алаңы» әсемдік жарықтандыру инсталляцияларын, «Әткеншек» пен «Заманауи киіз үй» атты әсемдік кіші архитектуралық формаларын орнатуға тиіс.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаев нысандар қала әкімдігіне қабылданбағанын, сәйкесінше тиісті қаржы аударылмағанын жеткізді. Сонымен қатар сәндік үшін орнатылған нысандардың сапасы сын көтермесе, әкімдік қабылдаудан бас тартатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Менеджер автосалона прихватил с собой сейф с 30 млн тенге в Кокшетау

admin_altyalash

Айдос Сарым: Соцсети – это отсталая, маргинальная часть общества

admin_altyalash

Почти 80% казахстанцев против ценностей ЛГБТ

admin_altyalash