Ұлттық жобалар: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай өзгеріс болады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ұлттық жобалар: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай өзгеріс болады

29.10.2021
0
Ұлттық жобалар: Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай өзгеріс болады

Сурет ашық дереккөзінен

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында халыққа қызмет көрсету орталықтары цифрлық және видеоқызметтерін іске қосады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Мемлекеттік қызметтерді 5 минутта көрсету» бағытын іске асыру шеңберінде процестер мен функциялардың цифрлық реинжинирингі өтеді. Содан кейін ғана оны цифрлық онлайн форматқа көшіру көзделген. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті форматына көшуге мүмкіндік береміз. Жеке қатысуды талап етпейтін қызметтер баламасыз түрде яғни цифрлық форматта ғана көрсетіледі. Өз кезегінде негізгі көрсеткіш автоматтандырылған қызметтердің саны емес, цифрландырылған және проактивті өмірлік жағдайлардың саны болмақ», – деді Бағдат Мусин.

Мысал ретінде, бір баспанадан екінші баспанаға көшу тек қана құқықты рәсімдеумен ғана шектеліп қоймайды. Көшу мәселесі – телефонды орнату, квитанцияны тұрғынның аты-жөніне тіркеу секілді өмірдегі жағдайларға сай барлық цифрлық қызметті бейімдеу қажет.

«Көшу мәселесіне тек ведомстволық, меморган жағынан ғана қарамай, адами тұрғыдан «мемлекеттік қызметті қалай көрсету керек», «ол қызмет не үшін көрсетіліп жатыр» деген сұрақтарға жауап тауып, сол қызметтерді бір өмірлік жағдайға біріктіреміз. Содан кейін цифрлық форматқа көшіретін боламыз. Архитектура мен үрдістер клиенттік тәжірибе негізінде және меморганның ғана емес, өмірлік жағдай тұрғысынан құрылатын болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді жылдам және сапалы алу мақсатында цифрлық ХҚКО, Видео ХҚКО-лар қосылады. Яғни, кез келген азамат әлдебір жағдайларға байланысты цифрлық технология қолдана алмай жатса, ХҚКО мобильді қосымшасын смартфонға жүктеп, өзі бейнеқоңырау арқылы хабарласып, видеоқызмет алатындай етіп жасаймыз. Және ХҚКО-ларды сервистік модельге көшіреміз. Яғни қазіргі уақытта біздің операторлар халыққа қызмет көрсетіп отыр, біз ол жүйені өзгертеміз. Халық ХҚКО-ларға келгенде операторлар тек қана консультация береді және цифрлық технологияларға бейімдеу мәселелерін шешетін болады», – деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында «Цифрландыру, ғалым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы әзірленіп, бекітілді. Ұлттық жоба 10 бағыттан, 226 тапсырмадан, 44 көрсеткіштен және 211 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.