Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Елде электр энергиясын тұтыну күрт артты

Фото ашық дереккөзінен

Биыл үшінші тоқсанда Қазақстанда электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт/сағ-ты құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7,7% көп, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Электр энергиясын тұтыну 7%, яғни 2,9 млрд кВт/сағ-қа (Оңтүстік аймақ бойынша 12% жуыққа) дейін артты.

Қазақстанның үш өңірінде – Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында электр энергиясы артығымен қалып жатса, қалған өңірлерде энергия тапшылығы байқалады. Олардың көбінде тұтыну өндірістен бірнеше есе асып түседі.

Жарықты тұтыну көлемінің ұлғаюы еліміздің барлық өңірінде тіркелген, ең көбі — Қызылорда (жылына 16,5%), Батыс Қазақстан (14,3%), Ақмола (14,2%), Түркістан (12,7%) және Алматы (11,4%) облыстарында.

Айта кетейік, электр энергиясын тұтынудың мұндай өсімі өткен жылғы көрсеткіштерден күрт асып түседі. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде электр энергиясын тұтыну көлемінің өсімі тек 1,5%, 2019 жылы — 1,6% құраған болатын.

Тек биыл қыркүйекте секторда тұтыну көлемі 8,7 млрд кВт/сағ-ты құрады, бұл 2020 жылдың қыркүйегіне қарағанда 7,5% көп. Ең жоғары жылдық өсім Батыс Қазақстан (28%), Түркістан (15%) және Ақмола (13%) облыстарында байқалды.

Ұқсас жаңалықтар

Астаналық спортшы ТМД ойындарының күміс жүлдегері атанды

admin_altyalash

Elorda Cup: әйелдер боксынан жеті спортшымыз финалға шықты (ВИДЕО)

admin_altyalash

Павлодарлық 13 жастағы программист республикалық олимпиаданың ең жас жеңімпазы

admin_altyalash