Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыҒылым-БілімЖаңалықтар

Павлодарлық 13 жастағы программист республикалық олимпиаданың ең жас жеңімпазы

Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусановтың бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге қызығушылығы жоғары.
Әсіресе, информатика пәнінен ерекше алғырлық көрсетіп, алгоритмдік есептерді оңай шешеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында жасының кішілігіне қарамастан, 9 сынып оқушыларымен бірге сынға түсіп, нәтижесінде информатикадан 1-орын иеленді. Оның зеректігі мен есептерді шешудегі алғырлығы, ойлау қабілетінің жүйріктігі қазылар алқасын да таң қалдырып, ол олимпиаданың ең жас қатысушысы атанды. Имранның жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Соян Ертайдың 18 жылдық тәжірибесі бар.

«Мен ұстазыммен күнделікті дайындаламын. Олимпиадада алгоритмдік есептер, деректермен жұмыс және бағдарламалық шешімдер әзірлеу сынды күрделі тапсырмалар беріледі. Әр кезең мен үшін қызықты болды, тапсырмалар күрделенген сайын өзімді дамытуға ұмтылдым», – дейді жас дарын Имран Кусанов.

Айта кетерлігі, Имран осы олимпиадаға 5-сыныптан бері үзбей қатысып, жоғары сыныптардың есептерін шешіп келеді. Бұған дейін де ол жеңіс тұғырынан көрініп, 2, 3 орындарды иеленген.

Ұқсас жаңалықтар

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 1300 ЕРІКТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

admin_altyalash

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ШАҒАН АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

admin_altyalash

Ауылда денсаулық сақтау: Олжас Бектенов медицина нысандарын салу бойынша тапсырмалардың орындалу қарқынын тексерді

admin_altyalash