Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин талаптары жеңілдеді

Елорданың мемлекеттік бас санитар дәрігері карантин талаптары жеңілдетілген жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сарқыт Бейсенова жаңа қаулыға сәйкес елордада Ashyq жүйесінің жұмысын жетілдіре түсіруді талап етті.

Яғни «сары» аймақ критериіне сәйкес кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасының қызметін қайта жандандырылады. Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға «сары» аймақ критериіне сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Ендігі уақытта елорданың барлық нысандары ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері бекіткен қаулыны ережесін қатаң сақтай отырып жұмысын жалғастырады.

Еске сала кетсек, елорда 26 қазан күні «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижелерімен танысты

admin_altyalash

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

admin_altyalash

Бастаманың мақсаты — ауылдық тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру

admin_altyalash