Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Алматыда Мексика консулдығы ашылды

Алматыда Мексика консулдығы ашылды, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Консулдықтың жұмысы екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Салтанатты шараға Венгрия, Бельгия, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің елшілері арнайы келіп, құттықтау сөздерін айтты.

«Бұл консулдықтың екі ел арасындағы экономикалық, мәдени, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға септесетініне сенімім мол. Біздің елдің азаматтарына Мексикаға виза алу мәселесі де жеңілдей түседі деген ойдамын. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек», – деді Мексиканың Қазақстандағы құрметті консулы Ерқанат Қожахметов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Биыл коммуналдық тарифтер 30% қымбаттайды – Смайылов

admin_altyalash

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

admin_altyalash

Тоқаев екі елшіні қызметке тағайындады

admin_altyalash