Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ЛОР-хирургияның жаңа бағыты іске қосылды

Алматыдағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында алғаш рет арнайы ЛОР-хирургиялық операциялар жасала бастады. Енді мұндай жоғары мамандандырылған оталар Қазақстанның барлық өңірінен келетін балаларға тұрақты түрде жоспарлы негізде жүргізіледі.

Алғашқы оталардың бірі — мұрын қалқасындағы тесікті жабу және бір мезгілде септопластика жасау бойынша реконструктивтік ота болды. Балаға мұрын ішіндегі ақауды жою үшін эндоназальды әдіспен ота жасалды. Бұл гормоналды мұрын спрейлерін ұзақ уақыт қолдану салдарынан пайда болған.

Ота жасауға мұрынмен тыныс алудың қиындауы, мұрын қуысында қабыршақтардың пайда болуы, ара-тұра қан кету және сыртқы мұрын пішінінің өзгеруі себеп болған.

Шамамен екі сағатқа созылған ота сәтті өтті. Дәрігерлердің айтуынша, науқас отадан кейін жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық күйде.

Жаңа ЛОР-хирургия бағытының іске қосылуы еліміздің әр өңірінен келген балаларға жоғары мамандандырылған көмекті басқа орталықтарға жүгінбей-ақ, Алматыда алуына мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Алматыда прокурор ер адамды 8 жылға соттауды сұрады

admin_altyalash

Балық аулаудан, бақ сынасты

admin_altyalash

Жеңіс үшін барлық мүмкіндігімізді пайдаланамыз

admin_altyalash