Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новости

Вакцина алғандар да маска тағуға міндетті – Айжан Есмағамбетова

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова неліктен маска тағудың әлі де міндетті екенін түсіндірді, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

Айжан Есмағамбетова «Тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар сауда, ойын-сауық орталықтарына бара алса, маскасыз жүре ала ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Жоқ, маска тағу міндетті. Өйткені қазір вакцина алғандардың да ауру жұқтыратыны белгілі болды. Тиісінше, ол да қауіпті болуы мүмкін. Дегенмен, вакцина алғандар оңайлықпен вирус жұқтырмайды және ауруды да жеңіл өткереді. Инфекцияның таралуы аз, бірақ таралатыны расталды. Сондықтан бүгінде әлемде ешкім маскадан бас тартқан жоқ. Шектеу мен алдын алу шаралары арасында теңгерім бар», — деді Айжан Есмағамбетова Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге журналистер қазақстандықтардың қашан маскадан бас тартатынын сұрады.

«Меніңше, нақты күнді ешкім атай алмайды. Бұл көп факторлы әрекеттердің нәтижесі болады. Вирус әлі де мутацияланып жатыр. Мұнда да әрқайсысымыздың үлесіміз бар. Біз неғұрлым баяу вакцина алсақ, вирустың таралуы соғұрлым жеделдейді және мутация мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Ал вирустың мутациясын бүгінде болжау мүмкін емес. ДДҰ вирусты қауіпті мутацияларға бөледі, олар жіті бақылауда», — деді комитет төрағасы.

Спикер «Мемлекет азаматтарды 80% вакциналаса, масканы шешуге бола ма?» деген сұраққа да жауап берді.

«Масканы қашан шешетінімізді айта алмаймын. Түсінемін, бәріміз маска тағудан шаршадық, бірақ өкінішке орай, бұл коронавирустан қорғау шараларының бірі», — дейді Айжан Есмағамбетова.

Ұқсас жаңалықтар

«Комфортная школа»: В Атырауской области открылись первые две современные школы

admin_altyalash

Промывка почвы на более 134 тыс га земель завершилась в Туркестанской области

admin_altyalash

Риски предстоящего вегетационного периода обсудил Канат Бозумбаев на встрече с фермерами в Кызылординской области

admin_altyalash