Маңғыстау облысында 13 туристік жоба жүзеге асады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Маңғыстау облысында 13 туристік жоба жүзеге асады

16.11.2021
0
Маңғыстау облысында 13 туристік жоба жүзеге асады

Маңғыстау облысы Республиканың перспективалы туристік өңірлерінің үздік 10-дығына енді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысы Республиканың перспективалы туристік өңірлерінің үздік 10-дығына енді. Қазіргі уақытта өңірде теңіз курорты, Каспий теңізінің жағалауындағы жағажай туризмін дамытуға басымдық берілуде.

Елбасының 2018 жылғы тамыздағы Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс деген тапсырмасынан кейін өңірдің туризмі мен инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен инфрақұрылымды одан әрі дамыту нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер жаңа туристік бастамаларды іске асыру шін зор мүмкіндікке ие болды.

Инженерлік-көлік инфрақұрылымын белсенді дамытудың арқасында 2020 жылғы шілдеде инвестициялар көлемі 60 млрд теңгеден асатын «Rixos Water World Aktau» көпфункционалды туристік-қонақ үй кешені іске қосылды.

2004 – 2020 жылдар аралығында өңірге келген туристер саны 2,5 млн асқан. Оның 2 млн-дайы ел азаматтары (ішкі туризм деңгейінің көрсеткіші), қалған 500 мыңнан астам адам шетелдік туристер.

2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірге саяхаттап келушілер саны 139 мың адамды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1 есе өсті. Ал 2020 жылдың қаңтар-маусымы аралығында– 45 мың адам болды.

«Туристік әлеуетімізді арттырудың тағы бір маңызды бағыттары – экологиялық туризмді, киелі жерлерді, мәдени туризмді, сондай-ақ су ойын-сауықтарын дамыту болып табылады. Жалпы, өңірдегі туризм саласы бойынша 2021-2025 жылдар кезеңінде мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 300 млрд.теңгеден асатын 13 жобаны іске асыру жоспарланған. Жергілікті компаниялардың қатысуымен 2022-2024 жылдар кезеңінде 8 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қонақ үй бизнесі саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру пысықталуда. Облыс әкімдігі туризмді дамыту бойынша одан әрі шаралар қабылдауға қатысты жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындауды тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өткім келеді», – деді облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Коронавирус: ШҚО-да 2 мыңға жуық ата-ана баласына екпе салдыруға келісім берді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қызыл» аймақта екі облыс қана қалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.