Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 16 есе артты. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, – деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Заманауи қазақ мемлекетінің құрылуы мен қалыптасу процесін басқару мәртебесін халық сеніп тапсырған елдің Тұңғыш Президенті ретінде мен үшін осынау меже зор маңызға ие. Бұл – халқымыздың маңызды тарихи датасы. Тарихи өлшеммен алып қарағанда қысқа ғана кезең ішінде Қазақстан өз дамуында маңызды жетістіктерге жеткені өздеріңізге де жақсы таныс», – деді Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.
ҚР Тұңғыш Президенті еліміз нарықтық экономиканың жолына нық түсіп, ТМД кеңістігінде құрылымдық реформалар, халықаралық сауда мен инвестиция үшін ашықтық тұрғысынан көшбасшыға айналғанын айтты.
«Тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 16 есе артты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.