Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды

Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев Университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.

Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.

Соңғы жеті жыл бойы «Самұқрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.

Айта кетейік, өткен жұмада оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Сотталғандар жұмыс істеп, есепшілер ақша ұрлаған

admin_altyalash

Сәтбаев университеті машина жасау саласына арналған фибробетон технологиясын ұсынды

admin_altyalash

Жетісу облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуынан бір адам көз жұмды

admin_altyalash