Алматы қаласы қарқынды урбанизацияланып жатқан қалалардың қатарына жатады. Қала тұрғындары 2 миллион адамға жетіп жығылғаны белгілі болды. Халықтың толассыз көбеюі түрлі проблемаларға жол ашып отыр. «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен осы мәселелер бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.
Мысалы, қаладағы өзекті мәселелерді зерттеу мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Фокус-топтар, сараптамалық сауалнамалар форматында өткен зерттеулер негізінде қаланың қарапайым тұрғындары мен білімді сарапшыларының пікірлері тыңдалып, ескерілді. Олардың көзқарасы негізінде анықталған проблемалар стратегиялық сессиялар да талқыланды. Мұндай сессиялардың қалада алтауы өткізілді. Онда мегаполистегі әлеуметтік, экологиялық, саяси мәселелермен қатар, халықаралық және аймақтық әлеуметтік шиеленістердің Алматы қаласында ықпалы да талқыланды. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, саясаттанушылар, социологтар, журналистер, жастар, студенттер, ғалымдар, партия және ҮЕҰ өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Жоба жетекшісі Б.Нәлібаев «Саяси мәдениет тұрғындар көп біле бермейтін тақырып екенін, мұнымен тек ғалымдар айналысатынын, десек те бұл қала тұрғындарының саяси өмірінің жаңаруына қатты ықпал ететін ұғым» екенін айтады. «Саяси мәдениет тақырыбын айшықтауға Философия, саясаттану және дінтану институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Тұран» университетінің мамандары көп көмектесті» дейді ол.
Қ.Қарабаев