Қарағанды облысы баламалы энергия үлесін арттыруда. Бүгінде өңірде бес күн электр станциясы, екі биогаз қондырғысы мен шағын ГЭС жұмыс істейді. «Жасыл» энергетиканың жалпы қуаты 200 мегаваттан асты, деп хабарлайды altyalash.kz сайты облыс әкімдігі сайтына сілтеме жасап.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
«Жаңартылатын және баламалы энергетика өндіретін жаңа нысандар белсенді түрде салынып жатыр. 228 МВт-қа 8 жоба іске асырылды. Балқаш маңында 100 МВт күн электр станциясы салынуда. Саран қаласында 100 МВт және одан жоғары жинақтауыштары бар гибридті күн станциясының құрылысы жоспарлануда», – деп хабарлады өңір басшысы.
«Жасыл» энергетика жобалары шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Инвестициялар 100 млрд теңгеден асты.