Жарма ауданы Үшбиік ауылында орналасқан шаруа қожалығының аумағында пішен өртенді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты.
«Қызыл жалын жалпы салмағы 280 тоннаға жететін 800 орама пішенді шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 9 өрт сөндіруші мен 2 техника, жергілікті атқарушы органнан 5 адам мен 5 трактор және тірек пунктінің бір техникасы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.