Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

«Ақтау теңіз порты құрылғалы бері 395 млрд. теңгеге өнім өндірді

2003 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен құрылған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» – Маңғыстау өңірінің әлеуметтік және экономикалық дамуына тың серпін беруде.

Арнайы экономикалық аймақ құрылған 18 жылда АЭА аумағындағы жобаларға әлемнің 7 елінің, соның ішінде Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан, Сингапур, Түркия, Германия, Иран және жергілікті инвесторлар 244 млрд. теңге инвестиция салды. Осы жылдар ішінде 395 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді, бұл ретте өндірілген өнім көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі 75%-ды құрайды.

Арнайы экономикалық аймақ құрылған сәттен бастап қазынаға 52,1 млрд. теңге сомасында салық төлемдері төленді. Жаңадан 3000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылды, оның 95%-ы жергілікті кадрлар.

Бүгінгі таңда экономикалық аймақта мұнай өндіру, өңдеу, құрылыс, көлік және логистика, туризм нысандарын салу мақсатында 41 қатысушы тіркеліп, 19 жоба сәтті іске асырылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде төрт әуежай салынады

admin_altyalash

Алматыда 5G желісі пилоттық режимде іске қосылып жатыр

admin_altyalash

Ғылым – қоғам игілігіне: жүрек-қан тамырлары ауруларын анықтауды жеңілдететін технология

admin_altyalash