Қайырымдылық қоры Қызылорда облысының дамуына қолдау көрсетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қайырымдылық қоры Қызылорда облысының дамуына қолдау көрсетті

08.12.2021
0
Қайырымдылық қоры Қызылорда облысының дамуына қолдау көрсетті

Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсетіліп келеді, деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жақында облыс әкімдігі қор өкілдерімен Қызылорда қаласының әуежайында жаңа заманауи терминал құрылысын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құрылыс аяқталғаннан кейін терминал облыс әкімдігінің теңгеріміне беріледі. Сағатына 300-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетуге жол ашылады. Бұл қазіргі өткізу қабілетінен екі есе көп.

«Қызылорданың қазіргі әуежайы кеңейтуді қажет етеді. Өйткені, аймақ қарқынды дамып келеді. Бұл инвесторлар және шетелдіктерді де қызықтырады. Жаңа әуе айлағы Қызылорда тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатын деңгейге жетеді деген ойдамын. Нәтижесінде көбірек қонақ келуіне мүмкіндік туады деген сенімдіміз», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Сондай-ақ, аталған қор биыл Арал ауданында кездескен қуаңшылық кезінде қол ұшын созды. Бұл бағытта мал азығын қамтамасыз ету, жайылымдар мен шабындықтарды суландыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 300 миллион теңге бөлді. Арал ауданы үшін Аспай суағарының қалпына келтірілуі айтулы оқиға болды. Оның арқасында қазір Кіші Арал теңізіне су құйылып отыр.

Ал Арал қаласында тұратын мұқтаж отбасылар «Баламекен» жобасы арқасында жаңа баспанаға ие болды. Қор көпбалалы және мұқтаж отбасылар үшін жалпы сомасы 300 миллион теңгеге 40 жаңа пәтер сатып алуға қаржы бөлді.

Аталған қор белгілі әнші Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобаларына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Олардың қатарында «Отан Ана» альбомының винилде шығарылуы, композиторларға арналған алғашқы музыкалық резиденцияның өткізілуі және музыкалық жоғары оқу орындары мен мектептердің дарынды студенттеріне атаулы шәкіртақы тағайындалуы бар.

«Батырхан Шөкенов атындағы қормен ынтымақтастық жасалды. Ол белгілі әншіні еске алуға арналған шараларды үйлестіреді. Бұл жобаны алдағы жылдың мамыр айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл – елорданың тұрғындары мен қонақтарына жасалған сыйлық, ол ұлы музыкантты қастерлейтін жандарға өте ұнайды», – деп Қамқоршылар rеңесінің мүшесі, ҚР халық әртісі Жәния Әубәкірова.

Алдағы жылы Болат Өтемұратов қоры өз қызметін жаңа бағыттарда кеңейтуге көңіл бөледі. Әрбір жобаға жүйелі көзқарас тұрғысынан назар аударылады, ол тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді.

Биыл Болат Өтемұратов қоры денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету саласындағы жобаларға 3 млрд теңге бөлінді.

Қордың қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман биыл жұмыс жүргізілген он сегіз жоба туралы айтып өтті. Оның ішінде «Аутизм. Барлығына бір әлем» жобасының кеңейтілуі, «Жасыл Мектеп», «Jas Leader Akademiiasy» жобалары, табиғи апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету және мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жобалары бар.

«Қор 5-11 сынып оқушыларына арналған «Jas Leader Akademiiasy» мен «Жасыл мектеп» атты екі жаңа жобаны іске қосты. «Jas Leader Akademiiasy» балаларға қарым-қатынас жасау, команда болып жұмыс істеу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және уақытты басқару дағдысын дамытуға және жетілдіруге көмектеседі. Қазір пилоттық жобаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының 50 мектебі қатысуда. Бес жыл ішінде жобаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарының мектептері қосылады деп күтілуде. Оған 2,1 миллиард теңге шамасында қаржы қаралған.

Балаларға арналған «Жасыл мектеп» экологиялық жобасы Алматының 16 мемлекеттік мектебінде басталды. Онда қор ақылды тамшылатып суару жүйесі, жарықтандыру және жылыту жүйесі бар жылыжайлар салды.

«Қор 5-7 сынып оқушыларына арналған оқулықтар, сондай-ақ өсімдіктерді өсіру мен күтіп-баптау бойынша қадамдық нұсқаулығы бар мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал шығарды. Енді балалар жылыжайдағы факультативтік сабақтарға және экологиялы өмір салты бойынша шеберлік сыныптарына қуана-қуана барады», – деді Алмаз Шарман.

Алдағы жылы Нұр-Сұлтанда, 2023 жылы Шымкентте мектеп жылыжайлары жабдықталады. Олардың үш жылдың бюджеті – 1 млрд теңге.

«Асыл Мирас» аутизм орталықтарының желісі кеңеюде. Қазір мұндай орталықтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл және Павлодар қалаларында бар. Енді олардың қатарына Таразда ашылатын оныншы орталық қосылмақ. Ал 2022 жылы Қарағандыда жаңа аутизм орталығы өз есігін ашады. 2021 жылы 2 152 бала осы орталықтарда интервенция бағдарламаcынан өтті. Ал бағдарлама істеп тұрған уақыт ішінде 11 076 бала бағдарлама игілігін көрді.

Қазақстанның Қызыл Жарты айымен бірлесе отырып қор «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда. Бұл бағытта Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен адамдар 53 миллион теңге сомасында қаржылай көмек алды. Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған орман өрті кезінде үйлері өртенген отбасыларға жалпы сомасы 30 миллион теңгеге «Көмек картасы» берілді.

Әділжан Үмбет.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Маңғыстаулық жас аниматор миллионер атанды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Ақтау теңіз порты құрылғалы бері 395 млрд. теңгеге өнім өндірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.