Елорданың өнер қайраткерлері түркістандық балаларға сыйлық жасады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Елорданың өнер қайраткерлері түркістандық балаларға сыйлық жасады

08.12.2021
0
Елорданың өнер қайраткерлері түркістандық балаларға сыйлық жасады

Елорданың өнер қайраткерлері Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебіне арнайы ат басын бұрып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мектеп оқушыларына музыкалық аспаптарды тарту етті, деп хабарлайды altyalash.kz.

Төрт қақпалы Түркістанның төрінде бой көтерген «Ақжайық» музыка мектебі жаңа аспаптармен толықты. Тарту еткен Елордалық өнер сүйер азаматтардың бұл сыйлығы Түркістандықтарға аспаннан аспаптар жауған күнге теңеген қуаныш сыйлаған күн болды.

«Түркістан – тек облыс орталығы ғана емес, бүкіл түркі әлемінің астанасына айналып отыр. Осындай бір керемет заманауи үлгіде салынған мәдениет ошақтарының ішінен талай еліміздің өнер саласының майталмандары тәрбиеленіп шығады деп ойлаймын. Міне, бүгін өнер көрсеткен 138 баланың әрқайсысы әр бағытта таңдаған өнерлері бар екеніне көзімізді жеткіздік. Сол балаларға толық білім алулары үшін, өздерінің мәдени және рухани талпыныстарын арттыру үшін осы музыкалық аспаптарды сыйлап отырмыз!» – деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Қаналимов.

Заманауи үлгіде салынған мектепте 138 оқушы бала өнердің оннан аса түрінен дәріс алады. Атап айтқанда; домбыра, қобыз, жетіген, фортепиано, скрипка, вокал, ұрмалы аспаптар, ән-терме, баян және соксофон. Үйірмелерге консерватория түлектері ұстаздық етіп, оқушылар республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.

«Кез-келген мемлекеттің ертеңі – ол өскелең ұрпақ екені заңдылық. Әсіресе, елдің, ұлттың болашағы әрине ең бірінші дарынды, өнерлі, білімді, интелектуалды және зерделі ұрпақтың қолында! Сондықтан, бүгін біз Елордадан Түркістан қаласына арнайы ат басын бұрып, бүкіл түркі дүниесінің алтын бесігі іспеттес Түркістандағы «Ақжайық» музыка мектебіне Елордалық әкімдік пен мәслихаттың, Нұр-Сұлтан қаласындағы өнер қайраткерлерінің атынан арнайы тапсырыс беріп жасалған, сапасы өте мықты домбыра, қылқобыз, жетіген, баян, скрипка, прима-қобыз секілді аспаптарды алып келдік. Бұл аспаптар арқылы болашақта Түркістандағы «Ақжайық» музыка мектебінде білім алып жатқан жас дарындар өздерінің таланттарын, шығармашылық әлеуетін көрсетіп, республикалық, халықаралық өнер сайыстарында топ жарып шығатынына сенемін!» -деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен» театрының директоры Асхат Маемиров.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Ақтау теңіз порты құрылғалы бері 395 млрд. теңгеге өнім өндірді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа жылда карантин талаптарын сақтауға шықырды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.