Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавнаяНовости

Маңғыстаулық жас аниматор миллионер атанды

Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сыныбында оқитын Азиза Нұрланқызы миллионер атанды, деп хабарлайды altyalash.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындаған еді. Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған байқаудың «Мәдениет» саласындағы грантын түпқарағандық жас дарын Азиза Нұрланқызы олжалап, 3 миллион теңгені жеңіп алды.

Мультипликация, анимация жасаумен айналысатын Азиза еңбек нарығында 72% сұранысқа ие бұл мамандықты 7-сынып оқып жүргенде таңдаған. Қазір ол осы бағытта талмай еңбектеніп, әртүрлі жоғарғы дәрежелі байқаулардан бас бәйгені қанжығалап жүр.

«Суретті бала күнімнен салып жүргендіктен, оны соткада түрлі графикалық бағдарламаларды қолданып салуды үйрене бастадым. Содан бастап, мен алғаш қызғушылығым оянып, ата-анамнан графикалық суреттерді салатын планшетте жұмыс істегім келетінін жеткізгем. Ата-анам сөзімді жерге тастамай, бірден шығармашылық қолдау білдірді. Мультипликатор–мультфильмдер жасайтын суретші дегенді білдіреді. Аниматор кейіпкерлердің сыртқы түрін анықтайды. Қимылын сызып, сюжеттік желімен жұмыс істейді. Оған түс пен қиялды қосыңыз. Барлығы қосылып сіз көретін мультфильм, анимациялық фильмді құрайды», — дейді Азиза Нұрланқызы.

Ұқсас жаңалықтар

О работе и содержании сети платных автомобильных дорог

admin_altyalash

В ЗКО отметили День строителя: аким области наградил лучших представителей отрасли

admin_altyalash

Народный Совет будет способствовать вовлечению общества в политическую жизнь страны

admin_altyalash