Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиГлавная

Ақтөбеде туристерге арналған орталық ашылды

 Ақтөбе әуежайында туристерге арналған орталық ашылды. Мұнда сырттан келгендерге өңірдің тарихи-мәдени орындары таныстырылып, турмаршруттар ұсынылады, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда​ «Visit Aktobe» орталығы ашылды. Жобаның басты мақсаты —​ ішкі туризмді дамыту.

«Орталықта өңірдің туристік нысандарына​ қатысты кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар жергілікті өндірушілер мен​ ​ қолөнер шеберлерінің бренд өнімдері тұратын бұрыш​ орналасқан»,- дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Жалпы өңірде 18 туристік маршрут бар. Туристер үшін 100-ге жуық қонақүй қызмет көрсете алады. Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, 80-нен аса мәдени ескерткіші бар өңірге сұраныс жоғары болуы мүмкін.

«Биыл өңірге 100 мыңға жуық адам келген. Өткен жылда пандемия кедергі келтірсе, қазір қайта жандану байқалады. Жыл сайын қонақүй ашылып жатыр. Бұл сұраныстың әлі де жоғары екенін білдіреді. Ақтөбе облысы үшін ең үздік орын Ақтолағай борлы тауы болады деп ойлап отырмыз. Бұл жерге сұраныс жоғары», — деді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Ұқсас жаңалықтар

Новая волна масштабной информационной кампании в поддержку новой Конституции стартовала в Казахстане

admin_altyalash

Через спорт и воспитание – к правовой культуре:  итоги масштабной встречи в Атырау

admin_altyalash

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

admin_altyalash