Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма?

Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда екенін айтты. Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектің қажетті қоры жасалған. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды.
«Қазір республиканың 8 өңірінде – Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарында 5 миллиард теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді», — деді Ажар Ғиният.
Қалған 9 өңірде ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрі-дәрмек қоры жасалған.
Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов ознакомился с ходом исполнения поручений Президента по развитию туристического потенциала области Абай

admin_altyalash

Малайзийский турист выразил признательность казахстанскому полицейскому: в сети появилось видео с благодарностью

admin_altyalash

Наш инфекционный стационар готов развернуть койки до 550

admin_altyalash