Джо Байден мен тағы бірқатар шетел президенті Тоқаевты құттықтады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Джо Байден мен тағы бірқатар шетел президенті Тоқаевты құттықтады

20.03.2022
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

Наурыз мерекесіне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекет басшыларынан, халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр, – деп хабарлайды Ақорда сайты.

АҚШ президенті Джо Байден өз құттықтауында Мемлекет басшысына денсаулық және Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.

“Бейбітшілік пен жаңаруға үндейтін бұл күні құрама штаттардағы және бүкіл әлемдегі көптеген адам осынау керемет мейрамды сізбен бірге тойлайды. Қазақстан мен АҚШ 30 жылдан бері берік әрі тұрақты серіктестікке негізделген дипломатиялық қатынастарды жалғастырып келеді. Менің Әкімшілігім халқыңыздың экономикалық, әлеуметтік және саяси мүмкіндіктерін қалыптастыруды көздейтін реформаларыңыздың бағдарламасына қолдау көрсетеді. Наурыз құтты болсын!” – делінген Джо Байденнің жеделхатында.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Наурыз мерекесі Орталық Азия халықтарының ортақ мақсаты мен арманын білдіретін мейрам екенін атап өткен.

“Адамзат тарихында үлкен орын алатын осы айтулы мереке халықтарымыз бен елдеріміз арасындағы достық арқауын бекемдеуге, ынтымақтастық пен үйлесімді қатынастарды нығайтуға өлшеусіз үлес қосады. Біз екі ел арасындағы өзара сенім мен құрметке негізделген тату көршілік байланыстарымызды, стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастық қатынастарымызды одан әрі кеңейте беретініміз сөзсіз”, – делінген құттықтау хатта.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз құттықтауында қазіргі күрделі әлеуметтік-экономикалық және геосаяси жағдайда өзара құрмет пен қолдаудың, достық пен бірліктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың, өрлеу мен жасампаздықтың биік мақсаттарына үндейтін көктем мерекесінің жалпыадамзаттық құндылықтарының мәні арта түсетінін жазған.

“Қастерлі Наурыз мерекесінің ізгі дәстүрлеріне негізделген Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік қатынастары халықтарымыздың түпкі  мүдделеріне сәйкес алдағы уақытта да дамып, кеңейе береді”, – деп жазған Эмомали Рахмон.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің құттықтау жеделхатында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық бүгінде Наурыз мейрамының ежелгі дәстүрлерін сақтап келе жатқан халықтарымыздың мүддесі жолында одан әрі  дамып, нығая түсетініне сенім білдірді.

“Өзімнің және әзербайжан халқының атынан сізді және халқыңызды қасиетті Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – табиғатқа деген шексіз махаббат пен үлкен құрметтің белгісі. Мыңдаған жылдар бойы сынаққа төзіп келген өмірлік философияның нышаны”, – делінген құттықтау жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев, Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы, ТМД дінаралық кеңесінің төрағалығын қоса атқарушы шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паше-заде, “Шеврон” корпорациясы еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов, Байқоңыр қаласы қалалық әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және басқалары жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түрікменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.