Әлемнің Әбдіжәмілі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 24, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әлемнің Әбдіжәмілі

27.05.2022
0
Әлемнің Әбдіжәмілі

Руханиятымыздың негізгі бөлшегі саналған қазақ әдебиетінің қамбасына бұтарланбайтын туындылар тоғытылды. Олар өткен ғасырдың еншісіндегі дүние емес. Текті жұрттың қалам ұстар зиялылары барда, ондай шығармалар ғасырлар бойы үздіксіз өмірге келіп, әдеби шөліркеген жандардың шөлін басары хақ. Солардың қатарында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер», «Соңғы парыз» атты саф туындылары бар. Қазақ әдебиетімен ғана емес, әлем әдебиетінің жауһарларымен иық тіресіп қатар тұратын сом дүниені дүниеге алып келген заңғар жазушыға сүйсініп, бас ие ризашылық танытуға әбден болады.

Жаратқан әр пендесіне әр түрлі ғұмыр береді. Біреуге ұзақ, енді біріне қысқа. Әбдіжәміл Нұрпейісов – бес күндік жалғандағы жарық күні ғасырға жалғасқан жақсы жан. Ал сол өмірді өнегелі де өрнекті, мәнді де мағыналы сүру екінің біріне бұйыра қоймасы анық. Әбдіжәміл аға сондай бақты басынан өткерген, барақатын көрген жайсаң жазушы.

Ол шаршы шеңберге сыймайтын, ешқандай өлшемге сай келмейтін тұлға еді. Өн бойында сан түрлі мінез тоғысқан, топтасқан дана бола білді. Даналығы сол әлемнің бар білімін бойына жиюға ұмтылды. Бабалардан қалған құндылықтарға қылаудай болсын қиянат жасауды білмеді. Ұлы даланың заңдылықтары мен жаһандық өркениеттің талаптарын орайластыра білді. Сондай дегдарлықтың арқасында Алаштың абызы атанды. Абыз тұлға қанағатшыл болатын. Онысына жастайынан жоқшылық көріп, тар заманда өскені де ықпал еткен шығар. Барға қанағат, жоққа шүкір етіп өмір сүре білді.

         Кеңестік зұлматты, алапат аштық пен қанды соғысты көрген, Арал қасіретін көкірегіне түйіп, оны адам экологиясымен шендестіре жазған классик жазушы талапшыл да талғампаз қалпымен артына өшпес мұра, өлмейтін туындыларын қалдырды. Сырты ызбарлы қатал көрінгенімен іші мейірімге толы патриархтың кірпияз болмыс-мінезі мен шығармашылық күрделі әлемі өзгеге ұқсамайтын. Қолына алған жақұтты жарқырататын қас зергердей, мінсіз мүсіншідей ол әрбір шығармасын күні кешеге дейін қайта-қайта қашаудан, түзеп-күзеуден, ширатып шыңдаудан әсте жалықпайтын. Әрдайым ағысқа қарсы жүзетін, сертіне берік тарлан тұлға осы дегдар болмысымен, тарпаң мінезінен бір сәт танған емес. Бар ғұмырын жазуға арнаған, сөйтіп шынайы шығармашылыққа адал болған оның мұраты ғажап кейіпкерлер галереясымен толығып, оның есімі мен әдебиет біртұтас қастерлі ұғымға айналып кеткендей. Оның біреуді көлгірсіп мақтамайтын, өзі де мақтанбайтын, сабыры сарқылмайтын, төзімі түгесілмейтін шыңырау мінезі даладан дарыған нәр еді. Ол тұтас шығармасына ғана емес, әрбір сөйлеміне, әрбір жазған сөзіне ықтиятпен мән беріп, қайта-қайта өңдеуден-жөндеуден әсте қажымайтын. эстетикалық тұнық талап-талғамы оны үнемі мазасыз еткеніне көзіміз талай мәрте жеткен.

         «Қазақ даласындағы бір аяулы есім – Әбдіжәміл Нұрпейісов. Франция, Германия, Бельгия, Испания, Болгария, Словакия, Қытай және Ресей жазушылары мен сыншыларының пікірі бір жерде тоғысады – «Қан мен тер» трилогиясы мен «Соңғы парыз» дилогиясының авторы ірі суреткер, мэтр, әлем әдебиетіндегі елеулі құбылыс дегенге саяды» деп аудармашы, сыншы Геролбд Бельгер айтқандай, тау тұлғаның есімі Алаш төрінен түспейді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ата Заңды өзгерту өз қолымызда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Азаттықтың құны қымбат

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.