Сәби массажбен сауықсын – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сәби массажбен сауықсын

14.07.2022
0
Сәби массажбен сауықсын

Сәбидің ағзасы дұрыс өсіп-жетілуі үшін массаждың алатын орны ерекше. Жалпы мамандар сәбилерге 2-3 айлығынан бастап массаж алуға кеңес береді. Бүгінде емханаға бара қалсаңыз, баласын құшақтап жүрген аналарды жиі байқайсыз. Оның көбісі жаңа туған нәресте.

Иә, ауырмай бала өспейді. Қазір аурудың өзі жасарып бара жатқандай. Себебі жаңа туған нәрестеге түрлі диагноз қоя береді. Біріне – гипосия, енді біріне – рахит, қала берді дисплазия сынды ауру түрлерін айтады. Балалар арасында аты аталған аурулардың жиі кездесуі экологиядан, ананың жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауынан немесе күтінбеуінен дейді мамандар. Осы орайда дәрігерлер баланы массажға апаруға кеңес береді. Неге десеңіз, жаңа туған нәрестенің 1 жасқа дейін қалыптасуы өте маңызды процесс. Сол себепті әрбір жаңа туған сәбиге сауықтыру жаттығуларын істеп, аурудың алдын дер кезінде алуға мүмкіндік бар.

– Балам 1 айдан асқан. Дәрігерлер дисплазия деп диагноз қойып отыр. Оның емі – масссаж. Массажға ерте апарсаңдар алдын аласыңдар дейді. Бала – болашағымыз. Сондықтан біз ата-анасы ретінде қажет деген дүниелерді жасатуға тиіспіз. Бұйырса, массажды алып бастадық. Бәрі сәтімен болғай деп отырмыз, – дейді жас ана.

Жасыратыны жоқ, бүгінде не көп, массаж орталықтары көп. Ішінде арнайы курс оқып, сертификат алып нәпақасын тауып отқандар да бар. Олардың қайсысы кәсіби жасап жатқанын біліп болмайсың. Массаж қабылдап жатқан баланың жылауы қалыпты жағдай ма? Осы бір сұрақ көптің көкейінде жүргені рас. Бұл сұраққа арнайы маман төмендегідей жауап қатты.

–Сәбиге массаж жасалғанда алғашқы 3 күн жылауы қалыпты. Бұл яғни массажға бейімделу (адаптация) кезеңі. Ал содан соң бала өзіде массажға үйреніп жылауды қояды. Кейбір сәбилер жатырқап көнбейді. Ол кезде алдандырып, көңілін аударып отырып массаж жасалады. Гимнастика деп баланы аяғынан көтеріп, жұлқып айналдырып жасалып жатқан массаждарды да көруге болады. Ол дұрыс емес. Тіпті, ата-аналары баланы аспанға лақтырып, қағып алып ойнатуы да қате. Себебі баланың бас сүйегіне зақым келуі мүмкін. Еңбегі қатпаған баланың миы шайқалады. Жалпы айтқанда бас сүйегі қатпаған баланы жұлқылай беруге болмайды, – дейді «Дем» массаж орталығының кәсіби методикалы массажисті Ақерке Сайлаубекқызы.

Рас, қазір экологияның әсерінен балалар аурушаң. Нәрестелердің дені яғни 70-80 проценті дисплазия немесе гидроцефалия дертімен бірге туылуда. Ал бұл аурулардың бірден-бір емі – массаж. Бұл үшін тек сауатты әрі тыңғылықты жасалатын массаж ғана көмектесе алады. Балалар массажы бұл жаңа туған 1 жасқа дейінгі сәбиге де, жалпы балалар үшін өте қажет. Жағымды көңіл-күй, тыныштандыру мен балаларда жиі кездесетін іш кебуді басатын массаждар бөбегіңізге қуаныш сыйлайды. Баланы жайлап сылап-сыйпау психологиялық тұрғыдан тыныштандыра отырып, белсенділігін де арттыра түседі. Адамдар массаж алсақ барлық аурудан құтыламыз деп ойлайды. Шын мәнінде массаж ауруды жеңілдетіп, сауығып кетуіне күш береді. Ал қалған 80 проценті адамның өзіне байланысты. Сондықтан балаңыздың да, өзіңіздің де денсаулығыңызды күткеніңіз абзалырақ.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сәкеннің «Салт пен санасы»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алтынға қыздар неге құмар?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.