30 жылда 13 министр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

30 жылда 13 министр

18.07.2022
0
30 жылда 13 министр
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі». Алаш арысы Мағжан Жұмабаев ұстаз қауымы туралы ойын осылай білдіріпті. Ақын сөзінің жаны бар. Өйткені «Ұстаз» деген ұғымда ұлылық та, жылылық та бар. Өзінің уақытын аямаған, шәкіртінің бақытын аялаған мәртебелі мамандық иелері жұмыр жер бетіндегі барлық құрметке лайық.
Әйтсе де, соңғы жылдары дәл осы білім беру саласы жемқорлық атты былыққа әбден батып, көлденең көк аттылар «ұстаз» деген ұлы есімге қара күйе жағуын қояр емес. Онымен қоймай 30 жыл ішінде аталған салада 13 бірдей министр ауысып, оның 80 проценті өз орнында 3 жылдан артық тұрақтай алмаған. Ал 2016 жылы министр қызметіне тағайындалған ­Ерлан Сағадиев болса, айды аспанға шығарып, бастауыш сыныптар үшін «Әліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарын алып, оның орнына «Сауат ашу» пәнін енгізген болатын. Әйтеуір Құдай оңдап, қазіргі білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз әріптесінің өрескел қателігін жуып-шайып, әліппені оқу бағдарламасына қайта енгізді.
Экс-министрлеріне қарап бой түзеді ме, әйтеуір Шиелі аудандық білім бөліміне де басшы тұрақтамай қойды. Нақтырақ айтсақ, соңғы 5 жылдың өзінде бөлім басшысы 3 мәрте ауысып үлгерді. 2017 жылдың қараша айы мен 2020 жылдың шілде айына дейін бөлімді Болат Сейілханов есімді азамат басқарса, сол жылдың шілдесінен бастап Ынтымақ Мәдиев басқарды. Көп уақыт өтпей оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін деп бөлінген 335 млн теңгенің жоқтығын аңғарған ол құзырлы органдардың тексеріс жүргізуін талап етемін деп, өзі де күдікке ілінді. Тіпті сәл болмағанда оның жалған қолын қойып қылмыс жасаған сектор меңгерушісі және есепшісімен бірге темір торға тоғытыла жаздады. Абырой болғанда, іс аппеляциялық сот отырысында қайта қаралып, білім бөлімінің бұрынғы басшысы ақталып шықты.
Міне, сол даулы іс басталғалы бос тұрған білім бөлімінің басшысы лауазымына 5 сәуір күні Қанат Әмзеев есімді азамат тағайындалды. 1977 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында дүниеге келген ол Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1998-2004 жылдары Шиелі ауданындағы №181 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2004-2007 жылдары Шиелі кентіндегі №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында педагог-психолог болып жұмыс істеді. 2007-2018 жылдары Шиелі кентіндегі №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2018 жылы директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы, Шиелі ­ауданы, Тартоғай ауылындағы Ш.Есенов атындағы №153 мектеп-лицейінің директоры қызметін атқарып келген.
Өмірдерегіне қарасақ, ұстаздықтың барлық сатысынан өткен білікті маман секілді. Бастысы бөлімдегі жаңа басшы еліне адал қызмет етіп, білім саласының кемшін тұстарын түзетуге бар ынта-жігерін жұмсаса дейміз. Қолынан іс келетін министрдің қолтығынан демейтін білікті мамандар көбейсе, білім саласын әлі талай оң өзгерістер күтеді деген сенім бар.
Ал жаңа басшының қызметіне сәттілік тілейміз!
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстанда 40 мыңнан аса жүкті әйел вакцина салдырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.