Тұралаған туризм қайта түлей ме? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Маусым 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Тұралаған туризм қайта түлей ме?

18.07.2022
0
Тұралаған туризм қайта түлей ме?
Жасыратыны жоқ, қазір жаһандық экономиканың тағдыры қыл үстінде тұр. Әсіресе, коронавирустың кесірі туризм саласына көптеп тиіп жатыр. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметі бойынша, биыл жыл басынан бері саяхатшылардың саны 80 процентке дейін кеміп, әлемдегі әйгілі туристік орындардың 96 проценті жабылған. Мұнымен қоса миллиондаған адам жұмыссыз қалып, саяхат шаруашылығынан кіретін кіріс жоққа тән. «Бұл – осы заман тарихындағы, тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де бұрын-соңды болмаған жағдай» екенін алға тарта отырып, әлем болып экономиканы жандандырып, жұмыссыздықтың алдын алу үшін тұралаған туризмді қайта жандандырудың жаңа жолын қарастыру керек-ақ.
Қазақстан туризмі ерекше өркендеген ел болмағанмен, қауіпті вирусқа қатысты ахуал біздің елге де әсерін тигізбей қойған жоқ. Енді ғана аяққа тұра бастаған ішкі туризм саласының да салы суға кетіп тұр. Бірақ бұл тек біздің елдегі жағдай емес. Әлемдік тенденция. Айтар болсақ, облыс бойынша биыл ішкі туризм 50 процентке төмендеп, қонақ үйлерге 224 млн теңге шығын келіпті.Бүгінде сала мамандары тұралап қалған туризмді жандандыруға жаңа жобалар ойластырып жатыр. Жаңақорған ауданында 88 орындық заманауи шипажайдың құрылысы жалғасуда. Жоба құны 906 млн теңгені құрайды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 950 млн теңге болатын екі нысанды іске қосу жоспарлануда.
Айта кеткен жөн, Қазақстан туристік ассоциациясының келісімімен облыстағы туристік бағыттар бекітілген болатын. Оған облыс бойынша 15 бағыт енгізілді. Олардың ішінде Арал ауданының туристік әлеуеті (Барсакелмес аралы, Қайық зираты, Арал теңізі, Көкарал платинасы), Қамбаш көлінің жағалауындағы демалыс аймағы, Қорқыт Ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағы, Жаңақорған ауданының таулы алқаптары және туризмнің басқа да тарихи және мәдени-танымдық түрлері бар. Біле білсеңіз, Қамыстыбас демалыс аймағы мен Жаңақорған шипажайы «Топ-50 демалыс аймағы» тізіміне еніп отыр. Сондай-ақ облыстың 19 қонақ үйі booking.com брондау жүйесіне тіркелген. Ол арқылы туристер алдын ала қонақ үйлердегі бөлмелерге тапсырыс бере алады.
Әлем елдеріндегі туристік дағдарыстың салқыны біздің елді де шарпығанын әлгінде ғана айтып өттік. Бізге әлемдегі аса ірі держава қытайлық саяхатшылар ағылып келіп жатпаса да, Ресейден келетін туристердің легі бәсеңдеу ықтималдығы байқалады. Себебі экономикалық жағдай көрші елдің қаржы саласын қос өкпеден қысуда. Оның үстіне елдегі туризм саласы айтарлықтай дамып, мол қаржылық табыс әкеліп жатыр деп айтуға ауыз бармайды. Онсыз да енді жетіліп келе жатқан бұл саланы әлемдік жағдай тығырыққа тіреуі бек мүмкін.
Иә, туризмді дамыту арқылы өңірлік экономиканы жетілдіруге айтарлықтай мүмкіндік бар. Бұл үшін саны бар, сапасы жоқ талай бағдарлама әзірленді. Оған жұмсалған қаражатты ойлаңыз.Бірақ нәтиже көзге көрінетіндей емес. Енді мынадай індеттен кейін осалдық танытуға болмас. Туризмді қайта түлеткіміз келсе, ішкі нарықты өзімізге барынша икемдеу керек. Себебі сыртқа кеткен ақшаны ішкі туризмге құю экономикалық тұрғыдан тиімдірек. Бірақ қызмет көрсету сапасы шетелдегідей деңгейге жете алмайтындығы еске түссе, ішкі туризмнің бәсекелестікте бәсі төмен екенін амалсыз мойындайсыз.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бүркіт баптаудың сырын білемісіз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан оқушылары химиядан халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.