Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости зарубежьяОбществоПолитика

Елордада көпфункционалды кешен салынады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Ayana Holding» компаниясының басқарма төрағасы Абдулла бен Лахеджды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, сұхбат барысында тараптар елордада «The Grand Mosque Residences» көпфункционалды тұрғын және сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру перспективаларын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді Үкімет жобаны іске асыру және сүйемелдеуге қажетті қолғабыс көрсетуге дайын екенін хабарлады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны практикалық тұрғыда іске асыру кезеңіне өту бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Бірінші кезеңнің жалпы құны — 576 млн АҚШ доллары, ал жобаның жалпы құны — 2 млрд АҚШ доллары.

Ұқсас жаңалықтар

17 мая — День работников связи

admin_altyalash

Продолжается прием заявок на республиканский творческий конкурс «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі»

admin_altyalash

Сенатор: Инфоцыганство – это угроза национальной безопасности 

admin_altyalash