Балуандар бәсекесі – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Балуандар бәсекесі

25.07.2022
0
Балуандар бәсекесі
Грепплинг – барлық ауырту тәсілдерін қамтитын күрестің бір түрі. Нағыз техникалық шеберлік пен ақылдың спорты. Грепплингте дзюдо, бразилиялық джиу-джитсу, еркін күрес пен самбо әдіс-тәсілдері қолданылады. Осы санаттағы халықаралық жарыстар 1998 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Білектің күшімен қатар шеберлікті талап ететін бұл спорт түрімен шұғылдануға кез келген жігіттің жүрегі дауалай бермейді. Қайсар мінез бен қайтпас жігерді талап ететін спорт түрімен аудан жастарының шұғылданып келе жатқанына биыл 10 жыл болды. Осыған орай балалар мен жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында грепплинг спорт түрінен облыстық ашық біріншілік өтті.
Жарысқа Қызылорда облысынан бөлек Қазалы, Тереңөзек аудандарынан 250-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Боз кілем үстіндегі балуандардың барлығы да жарысқа тың дайындықпен келген.
Жарыс қорытындысы бойынша ­Ербол Ділімбетовтың шәкірттері Даниал ­Рахымжанов, Ернұр Ділімбетов, Мақсат Ханқожаевтар алтыннан алқа тағынды.
Айта кетейік, спорт жанашырларының арқасында 2012 жылы ашылған спорт мектебінде спортшылар үлкен додаларға жолдама ала білді. Бүгінде мектептен осы спортпен айналысатын 140 балғын жаттығып, өз шеберліктерін шыңдауда. Осы жылдар арасында жоғарыда аталған спорт түрінен көк туды көкке көтерген талай тарландар тәлім алды. Атап айтсақ, Ғани Әділсерік екі дүркін әлем чемпионы атанса, Олжас Есқараев халықаралық турнирлерде жеңістің туын биікке көтерді. Ал осы істің басы-қасында жүрген жаттықтырушы ­Ербол Длимбетов 2010 жылы өзі армандаған ­Алматы қаласындағы спорт-туризм академия­сын тәмамдаған. Мұнан соң өзі туып өскен жеріне келіп жас балғындарды осы спортқа баулып келеді.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Сауд Арабиясына жасалған алғашқы сапар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ана мен бала жайы жіті назарда

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.